Программа "SENIM"

+7 707 5571063
+7 701 3925849

қаз

АӨК «QazOnimExport Корпорациясы»

"QazOnimExport Корпорациясы" АӨК жас қызметкерлерінің алдында семинар өткізу

"Мойынқұм Агро" асыл тұқымды шаруашылығына бару

Сиыр етін экспортқа шығару жөнінде Корея делегациясымен кездесу

«QazOnimExport Корпорациясы» — мал шаруашылығы бағытындағы шаруашылықты жүргізуші субъектілерін біріктіріп, «Senim» бағдарламасын іске асыру үшін  құрылды.

Тіркелген күні 04.05.2019 ж., бизнес-сәйкестендіру нөмірі 190340002132.

«QazOnimExport Корпорациясы» өз іс-әрекетін:

— «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;

— Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы негізінде жүзеге асырады.

Негізгі қызмет түрі:

— ет кластерін құру, тереңдетілген өңдеу ет комбинатын салу, жем-шөп дайындау жаңа технологиясын енгізу.

— фермерлерді жем-шөп даярлау техникасымен қамтамасыз ету.

— инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушіден тұтынушыға және экспортқа тікелей шығаруды қамтамасыз ету;

— кооператив қатысушыларының өзара тиімді шарттарда экологиялық таза өнім алуына көмек көрсету;

— жайылымда ұсталатын асыл тұқымды мал басының өсуіне ықпал ету;

— жаңа жұмыс орындарын құру және фермерлік шаруашылықтың тұрақты табысын алу;

— селекциялық жұмыстарды және малдарды қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру.

Участие на выставке Агро сельхозтехника 2022
Агро ауыл шаруашылығы техникасы 2022 көрмесіне қатысу
Подготовка сельхозтехники по заготовке сена
Шөп дайындау бойынша ауыл шаруашылығы техникасын дайындау

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі "QazOnimExport Корпорациясының" құрылымы

Ауыл шаруашылығы өндірістік Кооперативі «QazOnimExport Корпорациясының» құрылымы

«SENIM» БАҒДАРЛАМАСЫ

   Қазіргі уақытта мал шаруашылығын дамытудың бытыраңқылығы мен ұсақ тауарлылығына байланысты қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігінің төмендеуі байқалады. Тереңдетілген селекциялық жұмыстар жүргізілмейді, жемге деген қажеттілік толық көлемде қамтамасыз етілмейді, табиғи жайылымдық жерлер, егістік алқаптар толық көлемде пайдаланылмайды. Мемлекеттік бағдарлама екінші деңгейдегі банктер арқылы жоғары пайыздық және мүліктік кепілмен агро-несиелер береді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде жаңадан «Senim» бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламаның авторы А.Д. Байшекеев (03.09.2021 жылғы № 20078 тіркеу).

ҚР ҰҒА академиктерімен (Мелдебеков А., Кешуов С., Махатов Б.) «Senim» бағдарламасының мал шаруашылығы және агроинженерия ғылыми сүйемелдеу жұмысы бойынша кездесу
Агро несие компаниясы төрағасы Әмірхан Смайл мырзамен «Senim» бағдарламасын қаржылай қолдау туралы кездесу

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

«SENIM» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ:

— өңірде экологиялық таза ет өндірудің үздіксіз тізбегі құрылады;

— өңірлердің экономикасына оң әсер етіледі;

— өңірлерде фермерлік шаруашылықты дамытуға жәрдемдеседі;

— жаңа жұмыс орындары ашылып, фермерлер тұрақты табыс табуды үйренеді;

— етті мал шаруашылығы мен өнім экспортын дамыту тұрақтандырылады;

— жаңа технологияларды енгізуге ықпал етіледі;

— жайылымда ұсталатын асыл тұқымды мал басының өсуі артады;

— жыл сайын ауыл шаруашылығы жануарларының жас төлі түрінде пайда табу артады.

Встреча с руководителями Карагандинского коньзавода по выпуску кобыльего сухого молоко
Қарағанды жылқы зауытының басшыларымен биенің құрғақ сүтін шығару бойынша кездесу
Встреча с Корейской делегацией по поставке говядины на экспорт
Сиыр етін экспортқа шығару жөнінде Корея делегациясымен кездесу

БІЗДІҢ ФИЛИАЛДАР

Бүгінгі таңда Корпорация Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінің 4 облысын біріктіреді: Жамбыл облысы, Алматы облысы, Жетісу облысы, Абай облысы.

Аймақтық филиал
Абай облысы

Директоры:
Есимханов Дулат Маговьянович
Телефоны:
+7 777 131 0014
WhatsApp-қа жазу
Мекенжайы:
Семей қаласы, 7 проезд көшесі, 32 үй

Аймақтық филиал
АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Директоры:
Нұрлыбаев Мамытжан Асқарұлы
Телефоны:
+7 701 392 5849
WhatsApp-қа жазу
Мекенжайы:
Есік қаласы, №3 ықшамаудан, №22 үй